Мектеп психологы: Смагулов Куаныш Ермекович

Білімі: жоғары

 

2016 - 2017 оқу жылына арналған педагог - психологтың

жылдық жұмыс жоспары.

Мақсаты: Жағымды әлеуметтік - психологиялық климатты қалыптастыра отырып баланың өзіндік дамуы мен жеке тұлға болып қалыптасуына ықпал ету.

Міндеттері:

  1. Баланың психикалық және тұлғалық дамуына ықпал ету;
  2. Оқушыларды оқыту мен тәрбиелеу барысында мұғалімдерге, ата - аналарға психологиялық кеңестер беру;
  3. Оқыту мен тәрбиелеу құндылықтарын арттыру мақсатында баланың оқу және тәрбие процестерін бақылау;
  4. Баланың интелектуалдық және жеке тұлға болып қалыптасуын дамыту.
  5. Мектептегі баланың жағдайын, жаңа әлеуметтік позицияларға баланың даярлығын қалыптастыру;
  6. Мектепке алғаш келу кезеңі, баланың жаңа жағдайға әлеуметтік - психологиялық, физиялогиялық бейімделуін зерттеу.

Кызметтік міндеттер:
1. Әр деңгейлі және көп бағытты диагностикалауды жүргізу;
2. Өзінің кәсіби біліктілігі мен білімін үнемі көтеріп отыру;
3. Мектеп әкімшілігі өткізетін барлық педагогикалық кеңестер мен мәжілістерге қатысу.
4. Оқушылардың жекетұлғалық және әлеуметтік қалыптасу барысында мәселелерді шешу мақсатында педагогикалық ұжым және ата - аналар \болмаса олардың орындағылар\ жұмысын бағыттауға арналған зерттеу материалдарына негізделген педагогикалық - психологиялық қорытындылар жасау.

Жүргізілетін

жұмыстар

Мерзімі

Түрі

Кіммен

жүргізеді?

Жауапты

1

Оқушыларға жекелеген психологиялық карта бастау, мәлімет жинау.

Қыркүйек

Психологиялық карта

1 сынып оқушылары

Психолог

2

1 сынып оқушыларының мектепке психологиялық дайындығын анықтау.

Қыркүйек

Керн-Йиарисек тесті

1 сынып

Психолог

3

Оқушының жеке бас қасиеттерін анықтауға арналған тест.

Қыркүйек

Тест

5 - 10 сынып

оқушылары

Психолог

4

Психологиялық адаптация.

Қыркүйек

Проективтік әдіс. \сөйлесу, әңгімелесу, сабақтарға қатысу\

1 - 10 сынып оқушылары

Психолог

5

Мұғалім мен оқушы арасындағы психологиялық

қарым - қатынас.

Жыл бойы

Тренинг сабақ, тест, сауалнама,

Мұғалімдер, оқушылар

Психолог

6

Девиантты балалармен жұмыс.

Қыркүйек, қаңтар

Тест, тренинг, әңгімелесу

5 - 11 сынып оқушылары

Психолог

7

Оқушылардың таным процестерін зерттеу.

Қазан

Тренинг

5 - 10 сынып оқушылары

Психолог

8

Әр баланың ішкі дүниесін тереңірек түсіну бағытында жүйелі зерттеу жүргізу.

Қазан

Тест

5 сынып оқушылары

Психолог

9

Оқудың танымдық ынталандырылу деңгейін анықтау.

Қазан

Сауалнама, тест

10 сынып оқушылары

Психолог

10

Ұстаз бен ата - ана арасындағы

қарым - қатынасты анықтау.

Қазан

Сауалнама, тест

Ата - аналар

Психолог

11

Мұғалімнің кәсіптік бағытын анықтау.

Жыл бойы

Тест

Мұғалімдер

Психолог

12

Оқушылардың зейінін дамытуға арналған психологиялық тренинг

Қараша

Тренинг сабақ

Мұғалімдер, оқушылар

Психолог

13

Кешірім және кешірім сұрау.

Қараша

Тренинг

7 - 8 сынып оқушылары

Психолог

14

Жасөспірім шақ - өтпелі кезең.

Қараша, ақпан

Тренинг, тест

7 -10 сынып оқушылары

Психолог

15

Оқушылар арасындағы құқық бұзушылық және жыныстық қатынастың алдын алу.

Қараша

Кеңес

9 - 10 сынып оқушылары

Психолог

16

Жетістікке жету жолы

Қараша

Тренинг

9 - 10 сынып

Психолог

17

Оқушылардың әлеуметтік ортасы. /Жанұядағы қарым - қатынас/

Жыл бойы

Бақылау, тест

1 - 10 сынып оқушылары

Психолог

18

Оқушылардың көшбасшылық қабілеттерін дамыту.

Желтоқсан

Тренинг

5 - 10 сынып оқушылары

Психолог

19

Ағашыңыз қандай болса, мінезіңіз сондай.

Желтоқсан

Диагностика

5 - 6 сынып оқушылары

Психолог

20

Өзіне деген сенімділікті қалыптастыру жолдары.

Желтоқсан

Кеңес

9 сынып оқушылары

Психолог

21

Ой - өріс портрет.

Желтоқсан

Тест

1 - 4 сынып оқушылары

Психолог

22

Зерттелушінің темпераменттік типін анықтау.

Қаңтар

Тест, сауалнама

5 сынып оқушылары

Психолог

23

"Жанұя бақыты".

Қаңтар

Тренинг

5 - 8 сынып оқушылары

Психолог

24

Суицидтік

мінез - құлықтың алдын алу шаралары.

Жыл бойы

Тренинг, тест, сауалнама, әңгімелесу

5 - 10 сынып оқушылары

Психолог

25

"Сіз балаңыз бір - біріңізді түсіне аласыздар ма?".

Қаңтар

Тест

Ата - аналар

Психолог

26

"Өзін - өзі бағалау".

Ақпан

Тест

7 - 8 сынып оқушылары

Психолог

27

"Достық".

Ақпан

Тренинг

5 - 10сынып оқушылары

Психолог

28

"Мен және тұлға сабағы".

Ақпан

Тренинг, сауалнама

9 - 10 сынып оқушылары

Психолог

29

"Қиын", "Қолайсыз" отбасы балаларымен жұмыс.

Жыл бойы

Бақылау, кеңес, сауалнама, тест

Ата - анлар, оқушылар, мұғалімдер

Психолог

30

"Мен және менің балам".

Наурыз

Дөңгелек үстел

5 сынып оқушылары, ата - аналары

Психолог

31

Оқушылардың таным процестерін зерттеу.

Наурыз

Тренинг, тест

5 - 10 сынып оқушылары

Психолог

32

"Мұғалім, оқушы,

ата - ана" қатынасын зерттеу.

Жыл бойы

Сауалнама, тест

8 - 10 сынып оқушылары

Психолог

33

Оқушыларға құқық бұзушылық жайында түсінік беру.

Наурыз

Кеңес

8 - 10 сынып оқушылары

Психолог

34

"Кәсіптік қалау" тесті.

Наурыз

Тест

9 - 10 сынып оқушылары

Психолог

35

"Мектеп басшылары педагогикалық ұжымның көз алдында".

Сәуір

Сауалнама

Мұғалімдер

Психолог

36

Мектеп ішінде жайлы, жақсы психологиялық климат жасауға көңіл аудару, проблемалар бойынша кеңес ұйымдастыру.

Жыл бойы

Топтық, жеке кеңес

Мектеп ұжымы

Психолог

37

Оқушылардың зейінін дамытуға арналған психологиялық тренинг.

Сәуір

Тренинг

8 - 9 сынып оқушылары

Психолог

38

Есте сақтау қабілетін анықтау.

Сәуір

Бақылау, тест

Мектепалды даярлық сыныбы

Психолог

39

Мектеп оқушылар көзімен.

Сәуір

Шығарма

5 - 10 сынып оқушылары

Психолог

40

Жас және жаңадан келген мұғалімдермен бірге педагогикалық

іс -әрекеттегі кедергілерді зерттеу.

Жыл бойы

Бақылау, кеңес

Мұғалімдер

Психолог

41

Сенің кәсіби ой - ниетің.

Мамыр

Сауалнама

9 - 10 сыныптар

Психолог

42

Мамандық туралы хабар

Мамыр

Кеңес, баяндама

9 - 10 сыныптар

Психолог

43

Денсаулығына байланысты мүмкіндігі шектеулі үйде оқытылатын оқушылардың жағдайын білу, психологиялық көмек көрсету.

Жыл бойы

Бақылау,кеңес, үйлеріне рейд жасау

Үйде оқытылатын оқушылар

Психолог

44

Диагностикалық зерттеу.

Мамыр

Жылдық есеп

Психолог

Психолог

45

Педагогикалық - психологиялық консилиум.

Мамыр

диагностика

Мектеп әкімшілігі, сынып жетекшілері, мұғалімдер.

Психолог

46

Өгей ата-аналары бар оқушылардың отбасылық жағдайларындағы қарым-қатынасты бақылау.

Жыл бойы

Рейд жасау жасау

Өгей ата-аналары бар оқушылар

Психолог Әлеуметтік педагог

47

Құқық бұзушылықтың алдын-алу кеңесінің жұмысына ата-аналарды қатыстыру.

Үшінші тоқсанның аяғы

Ата-аналар жиналысы

Ата-аналар

Психолог Сынып жетекшілер



Өндіріс орта мектебінде 2016 - 2017 оқу жылында өткізілген мектеп психологының жұмыс есебі.

Қыркүйек және желтоқсан айында мектеп психологының атқарылған жұмысы. 1 - сынып оқушыларының жекелеген психологиялық-педагогикалық карталары жиналды. Жаңадан келген оқушылардың мектептегі оқуға психологиялық дайындығын анықтау барысынды әр сыныптарда "Керн-Йиарисек" тесті алынды. Денсаулығына байланысты мүмкіндігі шектеулі үйде оқытылатын оқушының үйіне рейд жасалып, психологиялық көмек көрсетілді. Оқу жылының басында оқушылардың психологиялық адаптациясын бақылау үшін әңгімелесу, сабаққа қатысу, оқушылармен байланыста болдым. Сонымен қатар әр баланың ішкі дүниесін тереңірек түсіну бағытында жүйелі зерттеу тесті 5 - сынып оқушыларымен өткізілді. Оқудың танымдық ынталандырылу деңгейін анықтау мақсатында 10 сынып оқушыларымен сауалнама мен тест жүргізілді. Ұстаз бен ата - ана арасындағы қарым - қатынасты анықтау мақсатында ата - аналардан сауалнама, тест алынды.

Қазан айының 7 - сі күні мектебіміздің 8, 9, 10 - сынып оқушылары «Жас өспірімдер арасындағы ерте жүктілік» тақырыбында кеңес, тренинг, әңгіме өткізілді. Оқушылардың әлеуметтік ортасы (жанұядағы қарым - қатынас) тақырыбында 1-10сынып оқушылар арасында тест алынды.

Өзіне деген сенімділікті қалыптастыру жолдары 9 сынып оқушыларына кеңес берілді.

  1. Жетістікке жету жолы.
  2. Оқушылардың көшбасшылық қабілеттерін дамыту.
  3. Ағашыңыз қандай болса, мінезіңіз сондай.
  4. Өзіне деген сенімділікті қалыптастыру жолдары.

Осындай тақырыпта мектебіміздің 1 - 10 сынып оқушылары арасында
/тренинг, бақылау, тест, диагностика, кеңес, сауалнама/ алынды.

Колледждер мен мектептердегі кәмілетке толмағандар арасында суицидалды мінез - құлықтың алдың алуға байланысты мектебіміздің ұжымына дәріс оқылды.

Қаңтар айында оқушылардың темпераменттік типін анықтау тест, сауалнама 5 сынып. "Жанұйя бақыты" тренинг 5-8 сынып. Суицидтік мінез - құлықтың алдын алу шарасы бойынша тренинг, тест, сауалнама, әңгімелесу 5-10 сынып оқушыларымен өткізілді.

Мектептегі / колледждегі жасөспірімдердің физикалық және психикалық денсаулығын нығайту және деструктивті мінез - құлқының алдын алу бағдарламасы бойынша 8 - 10 сынып оқушыларының ата - аналарымен жиналыс өткізілді.

Ақпан айында "Өзін - өзі бағалау", "Достық", "Мен және тұлға сабағы" тест, тренинг, сауалнама алынды.

Наурыз айында "Мен және менің балам", "Оқушылардың таным процестерін зерттеу", "Мұғалім, оқушы, ата - ана"қатынасын зерттеу, "Оқушыларға құқық бұзушылық жайында түсінік беру", "Кәсіптік қалау" тест, кеңес, сауалнама, тренинг өткізілді.

"Көк киттің" жазықсыз құрбандары тақырыбында оқушыларға мағлұматтар берілді.

Сәуір айының 10 - 20 аралығында "Қауіпсіз интернет" тақырыбында онкүдік өткізілді.

Мектебіміздің 8 - 10 сынып оқушыларына психологиялық денсаулық, стресс және депресия тақырыбында дәріс өткізілді. Осы аталған сынып оқушыларынан жасөспірімдердің суициді тақырыбында сауалнама алынып есебі шығарылды.

"Біз жемқорлыққа қарсымыз" атты акция өтті, оқушыларға қысқаша мағлұмат берілді.

"Бірінші сыныпқа баратын оқушылардың ата - аналарына психологиялық көмек" тақырыбында ата - аналар конференциясы өткізілді.

 


 

Опрос

В чем, на Ваш взгляд, заключается готовность ребёнка к школе?

Голосовать

Статистика

  • За месяц46
  • За неделю16
  • Вчера5
  • Сегодня1
  • Онлайн:0

Полезные ссылки