МЕКТЕП ЖАРҒЫСЫ

«Бекітілген»
Уәлиханов ауданы әкімшілігінің
2014 жылғы 23 қазан
№306 қаулысы
 

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігінің
Солтүстік Қазакстан облысы
Уәлиханов ауданы әкімдігінің
«Өндіріс орта мектебі» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң
ЖАРҒЫСЫ



ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕ
1.1. Өндіріс орта мектебі жалпы білім жүйесінің коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып есептеледі және өз аясындағы барлық азаматтарға мемлекеттік стандарт шегінде, мемлекеттік кепілдік тегін орта білім алу құқығымен мүмкіндігін үздіксіз білім беру жүйесінің негізінде жүзеге асыратын буын болып табылады. Сонымен қатар мекеменің ұйымдастыру құқықтық түрлерін қадағалайтын жалпы білім беру функцияларын жүзеге асыруға құрылған комерциялық емес ұйым болып табылады.
1.2.Құқықтық аталуы (Заңды аталуы).
Мемлекеттік тілде:Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі Солтүстiк Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімдігінің «Өндіріс орта мектебi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi, қысқаша «Мектеп»;
Орыс тілінде: Коммунальное Государственное учреждение «Ундрусская средняя школа» отдела образования Уалихановского района Северо-Казахстанской области,Министерства образования и науки Республики Казахстан,сокращенно «Школа».
1.3.Мектептің орналасқан орны: Қазақстан Республикасы, Солтүстiк Қазақстан облысы, Уәлиханов ауданы, Өндіріс ауылы. Индексі 151217
1.4.Мекеменің ұйымдастырушы Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі Солтүстік Қазақстан облысының Уәлиханов ауданының әкімдігі болып табылады. Мемлекеттік меншік құқық субъект міндеттерін аудан әкімі іске асырады.
1.5. «Уәлиханов ауданы бiлiм бөлiмi» басқаруды iске асырушы уәкiлеттi орган болып табылады.
1.6.Орта мектеп өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Заңдарын, Қазақстан Республикасының жоғарғы мемлекеттік білім орындарының нормативтік құжаттарын, облыс Әкімінің және аудан Әкімінің бұйрығымен, жергілікті білім орнының сондай – ақ осы жарғыны басшылыққа алады.
1.7.«Уәлиханов ауданы білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мектептің штаттық есебін бекітеді.
2. ЗАҢДЫ МӘРТЕБЕСІ

2.1.Орта мектеп заңды тұлға болып табылады, қолданып жүрген заң шеңберінде банк мекемелерінде тиісті есеп – шоттары болады. Мүліктік және мүліктік емес құқықтар мен міндеттерді алуға және жүзеге асыруға сотта талапкер және жауапкер болып табылады.
2.2. Коммуналдық мекеме мемлекеттік тілде өз атауы бар арнайы мөр және бұрыштамаға ие.
2.3. Коммуналдық мемлекет білім мекемесі кепілдік алған уақыттан бастап өз қызметін жалғастырады және кепілдігі алынған уақыттан немесе заңды түрде талапқа сай болмағанда өз қызметін тоқтатады.
2.4.Кепілдік құқығы бар коммуналдық мемлекеттік білім мекемeсі Қазақстан Республикасы Үкіметі бекіткен ережелерге сәйкес қызмет көрсетеді.
2.5. Коммуналдық мекеме өзi құрылтайшы бола, құра алмайды, бірақ тағайындалған тәртiпте сол мекемелерден басқа мемлекеттiк жеке меншiкке ие болуға, пайдалануға, билiк етуге құрылтайшы (басқа заңды тұлғаға қатысушы) ретiнде сөз сөйлей алады.
2.6. Коммуналдық мекеме өз мiндеттемелерi бойынша оның әкiмiндегi ақшаға жауап бередi. Мекемедегi ақша жетпей қалған кезде оған мүлiктiң меншiк иесi жауап бередi.
2.7. Коммуналдық мекемемен қорытындылаған азаматтық- құқықтың мәмiлелер Қазақстан Республикасының Үкiметi анықтаған тәртiпте тiркелiмге жатады. Шарттық мiндеттемелер бойынша коммуналдық мекеменiң жауапкершiлiгi коммуналдық мемлекеттiк мекеменi қамтамасыз етуге бекiтiлген смета аясында заңға сәйкес орнайды.
2.8.Мектеп, тәрбиеленушілер, ата- аналар, педагогтар, қоғам, тиісті басқару орындары мен коммуналдық мемлекеттік мекеменің тиісті міндеттерін атқаруға жауапты.
2.9.Мектеп балалардың денсаулығы мен өмір қауіпсіздігіне, сауықтыру іс- шараларына, гигиеналық тазалықтың сақталуына, дене және ойлау жүктемесінің жас ерекшелігіне байланысты болуына жауапты.


3. ӨНДІРІС ОРТА МЕКТЕБІНІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ

3.1. Мектептің педагогикалық жүйесінің құрылымы:
- 1 – деңгей мектеп жанындағы «Еркетай» шағын орталығы /3-5 жастағы бүлдіршіндер/ - оқыту мен тәрбиенің үзіліссіздігін бір топ пен екінші топ арасында сабақтастықты сақтау үшін балаға игерту көзделетін қарапайым білім негіздерін біртіндеп кеңейтілуі. Балалардың дене, ақыл-ой, сезім, тілдік, көркем, еңбек тәрбиесіне жағдай жасау.
- 2 –деңгей – мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту /5-6 жасар бүлдіршіндер/ баланың талабын, бейімділігін, қабілеттілігін, дарындылығын іске асыруға және оның даму ерекшеліктері мен денсаулық жағдайын ескере отырып, дара негізінде оны бастауыш білім берудің білім беру бағдарламасын меңгеруге даярлауға бағдарланды.
- 3 – деңгей - бастауыш білім беру /1-4 сыныптары/ - оқытудың негізгі білімдері мен қабілеттерін меңгеруді қамтамасыз етеді, теориялық ой элементтерімен, оқу барысын өздік бақылау қасиетімен, мәдени сөйлеу мен тәртібің, сондай-ақ, оның жеке, дара қабілетін дамытуға бағытталып, баланың даму сатын анықтайды.
- 4 – деңгей - негізгі орта білім беру /5-9 сыныптары/ - жеке оқушының қалыптасуын және құрылым шартын ұйымдастырады, оның қабілетті қызығушылығын, ыңғайын анықтайды.
- 5 – деңгей – жалпы орта білім беру /10-11 сыныптары/ - жеке адамның жалпы мәдениетін қалыптастырудың, жеке адамды қоғамдағы өмірге бейімдеу міндеттерін шешуге, кәсіпті мамандықты саналы түрде тандау мен меңгеруге бағытталған.




4. ОҚУ ҮРДІСІНІҢ МІНДЕТТЕРІ МЕН МАҚСАТТАРЫ,
ЖҮРГІЗІЛЕТІН БІЛІМ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ТҮРЛЕРІ

4.1. Коммуналдық мемлекеттік мекеменің басты міндеті тұлғаның жан-жақты ғылым жетістіктері негізінде адам құндылықтар және білім алып қалыптасуына, дамуына қажетті жағдайлар жасау болып табылады.
4.2. Мектептің басты міндеттері.
1) Білім бағдарламасын қабылдауына жағдай жасау
2) Тұлғаның рухани және оқу мүмкіндіктерін дамыту, салауатты өмір салты мен адамгершілік негіздерін қалыптастыру.
3) Қазақстан Республикасына, Отанына азаматтық патриоттық сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Мемлекеттік рәміздерді, халықтың салт-дәстүрін құрметтеуге тәрбиелеуге.
4) Республиканың экономикалық және мәдени, қоғам-саяси өміріне міндетімен құқығы бар тұлға тәрбиелеу.
5) Отандық және әлемдік мәдениеті, тарихты қазақ халқының салт-дәстүрін және Республикада тұратын басқа халықтардың салт-дәстүрін білуге, мемлекеттік тілді, орыс және ағылшын тілін меңгеруге тәрбиелеу.
6) Жаңа оқыту технологиясын қолдану және халықаралық қарым-қатынас жүйесіне шығу білім жүйесін ақпараттандыру.
Мектеп мекемесі білім беру қызметтерін көрсетеді:
- Мектепке дейінгі, бастауыш, жалпы білім және барлық тәрбие жиынтығын жоспарлы (қазақ тілін, және шет тілін, информатика) негіздерін оқыту негізделеді;
Оқушылардың кәсіби дайындығы;
- Сауықтыру, көркем музыкалық және басқа шығармашылықтарын дамытуға көмек көрсетеді.
- Оқу бағдарлама жоспарында әлеуметтік ережелерді оқытып, үйрету істері қаралған.
- Жалпы білім беретін мекемелерден (дайындаушы) репиторлардың оқушылармен дайындық жұмысы;
- Орта және жоғарғы білім мекемелеріне түсуге дайындық.
- Өзіндік авторлық оқу курстары мен бағдарламалар жасау;
Жалпы білім беретін мектеп қабырғаларында алты-жеті жастағы баларға мектепке дейінгі дайындық;
- Бастауыш білім бағдарламасымен жұмыс жүргізетін басқа мектепке дейінгі мекемелермен тығыз байланыс жүргізу;
- Өндірістік-шаруашылық қызмет.
4.3. Шағын орталықтың басты міндеттері:
- балалардың ерте әлеуметтік жағдайын қамтамасыз ету;
- әр баланың өзіне тән ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін ескере отырып
ойлау, эстетикалық, сезім және рухани дамуын жетілдіру;
- балалардың денсаулығын сақтау;
- балалардың күтімін ұйымдастыру;
- ата-аналармен педагогикалық-психологиялық ағарту жұмыстарын жүргізу.
Мектепке дейінгі шағын-орталықтың тізіміне білім ұйымдарының аумағындағы балалар кіреді.
Қазақстан Республикасы өкіметінің 2005 жылғы 27 маусымдағы қаулысына сәйкес мектепке дейінгі шағын-орталыққа қабылдау және шығару жұмыстары мектепке дейінгі ұйымдардың типтік ережелеріне сәйкес жүргізіледі.

5. ҚАБЫЛДАУ ТӘРТІБІ, ОҚУ-ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ

5.1.Мектепке қабылдау алдында балалардың ата-аналарын коммуналдық мекеменің лицензиясы және ережелерімен таныстыру керек, білім беру қызметі және басқа құжаттарды жүргізу барысында коммуналдық мемлекеттік білім мекемесі мектепке дейінгі жалпы білім мекемесіне қабылдау барысында психологтар, дәрігерлердің қатысуы тиіс.
Коммуналдық мемелкеттiк мекемеге алу төмендегiдей анықтама арқылы.
1. Бiрiншi сыныпқа-әңгiме негiзiнде, медециналық анықтама арқылы;
2. Екiншi сатылы сыныптарға жазылған арыз негiзiнде.
Мектепке кiру туралы арыз директорға немесе оның орнындағы тұлғаға берiледi. Арызға ерте бiлiм алынған куәлiгi(табелi) қосылады.
5.2.Оқу-тәрбие жұмыстары мемлекеттік жалпы білім беру стандарт негізінде оқу жоспары мен бағдарламасына сәйкес жүргізіледі.
5.3.Мектеп оқушыларға кезеңмен аралық бақылау жұмыстарын жүргізеді.
5.4.Оқушылар, тәрбиелеушілер, педагогтар арасындағы адамгершілік қасиеттер өзара силастық мектептегі тәртіпті қолдайды.
5.5.Ата-аналар мен оқушылар өкілдерін оқыту үрдісінің мазмұнымен сондай-ақ оқушылардың үлгерімімен таныстырады.
5.6.Тәрбие бағдарламасы мектептің бағдарламасы мен потриотизмге, азаматтық қарым қатынас, интерноционалдық тәрбие жоғары адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеп және оқушылар қабілетін жан-жақты дамытып қалыптастыру.
5.7.Мектептің тәрбие бағдарламасы Қазақстан Республикасында тұратын ұлттар мен халықтардың этномәдени элементтерімен таныстырып, оларды үйренуге және құрметтеуге тәрбиелеу.
5.8.Мектепте оқу үрдісі үш кезеңнен тұрады:
1-ші кезең – бастауыш (1-4 сынып), 2-ші кезең негізгі (5-9 сынып) және
3-ші кезең жоғары (10-11 сынып).
Көрсетілген кезеңдер мектепке дейінгі, жалпы бастауыш, жалпы негізгі,
жалпы орта білім. Әр кезеңнің білім беру бағдарламасы келесі кезеңді жалғастырып отырады.
5.9.Оқыту және тәрбиелеу үрдісі қазақ және орыс тілінде жүргізіледі.
Мектеп мемлекеттік тіл қазақ тілінен білім беруге және оны дамытуды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ шет тілінен мемлекеттік стандартқа сәйкес жалпы білім береді.
5.10.Оқушылар Республиканың, облыстың, қалалық білім мекемелеріне өзі оқыған сыныбында оқуға құқылы.
5.11.Педагог қызметкерлердің жүктемелері мемелекеттік білім ұйымдарының нормативтік бекітулерімен белгіленеді.
5.12.Мектеп оқыту үрдісін ұйымдастыруда сабақ кестесін белгілейді ?
Мектеп алты күндік жұмыс күнімен жұмыс істейді.Бір күн демалыс. Сабақ кестесі сағат 8.30-19.00 сағатқа - дейін жалпы білім үрдісі. Академиялық сағат мөлшері 45 минут. Сабақ кестесі оқушылардың тамақтануына үзіліс уақытын қарастырады.
Оқыту жоспарындағы сағат санына, пәндердің өткізілген сағат саны, мемлекеттік оқу жоспарындағы сағат санынан төмен болмауы керек.
5.13.Оқу түрі: іштей, сыныптардағы оқушылар саны 5-тен 32 оқушыға дейін. Лабараториялық сабақтар, қазақ тілі, орыс тілі, шет тілдері, есептеу техникасы сабақтарын өткізуде сынып екі топқа бөлінеді. Мектеп директоры оқыту сапасын жоғарлау үшін қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етуге шешім қабылдайды. Басқа пәндерді топқа бөліп оқытуды қарастырады.
5.14.Қазақстан Республикасының білім саласының орталық атқарушы орындары оқу жылының басталуы мен аяқталу мерзімін және демалыс мезгілдерін тағайындайды.
5.15.Оқу жоспарының жылдық күнтізбелік жоспарын мектеп директоры педагогикалық кеңеспен келісе отырып бұйрықпен бекітеді.
5.16.Оқушылардың үлгерімі 5 ұпайлық жүйемен жүргізіледі. Оқушылардың бағалары сынып журналына және күнделіктеріне қойылады. Аралық қорытынды бақылау жұмысының бағасы тоқсандық бағаға қойылады.
5.17.Оқушыда тоқсандық қорытындыда бір сабақтан “2” деген баға болса, ол оқушымен жеке жұмыс жүргізу керек.
5.18.Үлгермейтін және тәртібі төмен оқушы педагогикалық кеңестің шешімімен мектептен шығарылады.
5.19.Мектеп директоры оқушы немесе оқушының ата-анасы бағасына келіспесе, сол пәннен қайта емтихан тапсыруға мүмкіндік жасап, комиссия мүшелерін құрады.
5.20.Оқушылардың үлгерімін тексеруге аралық және қортынды бақылау жүргізу үшін бақылау жұмыстары әзірленеді.
5.21.Жоғары көрсеткіш көрсеткен оқушыларды мектеп директоры бұйрықпен марапаттайды.
5.22.Оқуды бітірмеген оқушыға белгілі үлгідегі анықтама қағазы беріледі.

6. БАСҚАРУШЫ ОРЫН ЖӘНЕ ОНЫҢ БІЛІКТІЛІГІ

6.1.Мектепті басқарушы жоғарғы орын және оны ұйымдастырушы-«Уәлиханов ауданы бiлiм бөлiмi» .
Мектепті басқаруды атқарушы орын мектеп директоры болып табылады.
6.2. Коммуналдық мемлекеттiк мекеменiң құрылтайшысының құзыреттiлiгiне мыналар жатады:
1) мекеменің жарғысын бекіту, оған енгізілетін өзгертулер мен қосымшалар, жарғысының жаңа басылымы;
2) мектептің атқарушы орны білімі мен ұсынылымы;
3) қаржы есебін бекіту;
4) білім беруге төленетін ақы келісім негізінде жүргізіліп бекітіледі, бағдарлы және басқа да оқыту түрлері;
5) оқу-тәрбие үрдісін әдістемелікпен қамтамасыз ету;
6) мектептің мөлшерлік (штаттық) кестесі қызметтік міндеттерге бөлінуі тиіс.
7. Негізгі қызмет бағытын анықтау.
8. Жұмыс тәртібін бекіту.
9. Мектепке жұмсалатын шығын мөлшерін (шығыс жоспарын) бекіту. Еңбекшілердің қызмет дәрежесіне қарай еңбек ақысын және қосымша, сый ақы мөлшерін анықтайды.
10. Мектеп мүлкіне жауап беретін басқарушыны тағайындау.
11. Мектепті қайта құруға немесе жабуға шешім.
6.3. Уәлиханов ауданы білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің бастығы мектептегі басқарушы директорды тағайындайды және орнынан босатады.
6.4.Мектеп директоры мектеп жұмысын ұйымдастырумен қатар, аудандық білім бөлімімен келісе отырып, мектептің алға қойған міндеттеріне жауапты.
6.5.Директор мектептегі мәселелерді өзі жекеше және өз бетімен анықталған жарғыға сәйкес шеше алады.
6.6. Мектеп директоры мектеп атынан мектептің барлық мәселелерін сенім хатсыз шешуге құқылы және еңбек келісім шартын , сенім хат беруге, банкіден есеп шот ашуға, бөлінген қаржыны жұмсауға, орындалуға бұйрық шығаруға, мектеп алдындағы міндеттерді шешуге тиісті әрекеттерді қолданады.
6.7.Директор әрқашан атқарушы қызметінен бастартуға құқылы, ұйымдастырушы орынға 2-ай бұрын жазба түрінде өтініш білдіруі тиіс.
6.8.Мектепте ұйымдастырушы мен ата- аналардың ұйғарымы бойынша өзін-өзі басқару орны құрылады - Мектептің Қамқорлық кеңесі.
Қамқорлық кеңесінің құрамында:
1) Қамқорлық кеңесі құрылған білім ұйымының басшысы.
2) Басқа білім ұйымдарының, басқару ұйымдарының өкілдері.
3)Жұмыс берушілер және әлеуметтік қызметшілер.
4) Қоғамдық ұйымдардың өкілдері.
5) Демеушілер.
Мектептің Қамқорлық кеңесінің қызмет ету мерзімі - 3 жыл.
Қамқорлық кеңесінің басшысы Қамқорлық кеңесінің отырысында сайланған ұйымның төрағасы. Төраға арнайы Қамқорлық кеңесінің атынан қызмет етеді, білім беру ұйымына, коммуналдық мемлекеттік мекемелерге өз жұмыстарын көрсетеді. Төраға Қамқорлық кеңесінің жұмысын Қазақстан Республикасының Заңына және ережелеріне сәйкес атқарылуын және орындалуын ұйымдастырады.
Қамқорлық кеңесінің төрағасының орынбасары Қамқорлық кеңесінің отырысында сайланады.
Қамқорлық кеңесінің хатшысы сайланады және Қамқорлық кеңесінің іс-қағазын жүргізуге жауап береді.
6.9. Мектептің Қамқорлық кеңесінің жұмысының мақсаты:
1) Білім беру ұйымының жарғылық функцияларының орындалуына қатынасу;
2) Оқу білім бағдарламасын табысты іске асыру мақсатында оқушыларға және педагогикалық ұжымға қажетті жағдай жасауға;
3) Қаржылай демеушіліқ жасау, білім беру ұйымының материалдық- техникалық базасының нығайуына мүмкіндік жасау;
4) Білім беру ұйымының әрі қарай дамуына ат салысу;
Мектептің Қамқорлық кеңесінің жұмысының негізгі бағыттары:
1) Білім беру ұйымына әлеуметтік мәдени, сауақтыру және даму іс шараларының өткізілуіне көмек көрсету.
2) Тәрбие және оқу саласындағы халықаралық қатынастың дамуымен қалыптасуына қатынасу.
3) Білім алуға, күнделікті тұрмыстық жағдайдың жақсаруына және әлеуметтік жағдайы төмен тұрғындарды ат салысу.
4) Білім беру ұйымдарының жұмысындағы жетіспеушілікті жою бағыттарын қолдау.
Мектептің Қамқорлық кеңесі мектеп оқушыларының оқу киімін қабылдайды;
6.10. Мектептің Қамқорлық кеңесінің барлық шешімі аз уақыт ішінде оқытушыларға, ата- аналарға және басқа заң орындарының өкілдеріне жеткізіледі.
6.11. Мектептің Қамқорлық кеңесі жұмыс жоспарына сәйкес жиналады, жылына бір реттен кем емес. Жоспарсыз отырыстар, жиналыстар қажеттілік туған жағдайда Қамқорлық кеңесінің төрағасының шешімімен немесе Қамқорлық кеңесінің мүшелерінің төртпен бір бөлігі талап еткенде өтеді.
Мектептің Қамқорлық кеңесінің мүшелері өз міндеттерін тегін, ақысыз атқарады. Қамқорлық кеңесі жиналысқа немесе мүшесі қатысса да
шешім қабылдауға құқығы бар. Шешім қамқорлық кеңесі мүшелерінің жиналысқа қатысқандарының ашық дауыс беруімен қабылданады.
6.12. Оқу тәрбие процессінің ұйымдастырылуы педагогикалық кеңеспен іске асады. Бұған мектептің барлық педагогтары кіреді.
6.13. Педагогикалық кеңес оқу бағдарламаларын, оқу жоспарларын, оқулықтарын, оқу тәрбиесінің әдіс –тәсілдерін талқылап құрады және оны іске асырады. Педагогикалық қызметкерлерін кәсіптік біліктілігін көтеру және дамыту жұмыстарын ұйымдастырады.
6.14. Педагогикалық кеңесінің өкілеттік уақыты бір жыл. Педагогикалық кеңес мүшелерінің жартысы болса, отырыс өтілді есептеледі. Кеңес шешімі көп дауыспен қабылданады.
6.15. Мектепте Ата –аналар комитеті жұмыс істейді. Ата- аналар комитетінің сандық құрамы сынып –жиынтық санымен анықталады. Ата –аналар кеңесінің өкілеттік уақыты – 1 оқу жылы.
6.16. Мектептің Ата –аналар комитетінің жұмыс тәртібі мен құзыры Мектеп кеңесімен бекітіледі.

7. БІЛІМ ЖҮЙЕСІНІҢ СУБЪЕКТІЛЕРІНІҢ МІНДЕТТЕРІ МЕН ҚҰҚЫҚТАРЫ

7.1. Коммуналдық мемлекеттiк мекеме оқушыларының құқықтары:
1. Бiлiм алуға, өз қабiлеттерiн дамытуға және өз пiкiрiн айтуға;
2. Оқу-тәрбие жүйесiн басқаруға және ұйымдастыруға қатысуға;
3. Өз намысын қорғауға, өз ұсыныстарын конференцияларда, жиналыстарда және басқа мектеп үлгiлерiнде ұсыныс енгiзуге;
4. Өзiн-өзi басқару органында сайлаулы болуға және сайлануға;
5. Мұғалiмдер тарапынан сыпайы қатынаста болуға.
7.2. Коммуналдық мемлекеттiк мекеме оқушылары мiндеттi:
7.2.1. мемлекеттік жалпы білім стандарты шеңберінде білім алуға, қабілет, дағдыларды игеруге;
7.2.2. қоғамдық-пайдалы еңбекке араласуға;
7.2.3. денешынықтырумен тұрақты айналысуға, санитарлық-гигиеналық ережелерді сақтауға;
7.2.4. ұжымдағы бірлікті сақтауға атсалысуға;
7.2.5. ұстаз еңбегіне құрметпен қарауға;
7.2.6. сыныптағы, мектептегі жолдастарын сыйлауға;
7.2.7. мәдениетті және адамгершілік қасиеттерді бойына дарытуға;
7.2.8. жат қылықтардан(темекі шегуге алкогольдік ішімдіктерге әуес болу, нашақорлық) аулақ болуға;
7.2.9. мектептің ішкі ережесін, көшеде жүру ережелерін, өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға;
7.2.10. табиғатты аялауға, отырғызылған көшеттер мен талдарды қорғауға;
7.2.11. сабақ уақытында және сабақтан тыс кезде(саяхат кезінде, серуендеу кезінде т.б.) қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтауға;
7.2.12. мектеп жарғысының талаптарын орындауға;
7.2.13. мемлекеттік мүліктерді ұқыпты пайдалануға;
7.2.14. мектеп оқушылары мектеп формасын киюге міндетті.
7.3. Коммуналдық мемлекеттiк мекеме оқушылары мынадай жауапкершiлiк алады:
1. Қоғамдық және оқушылар үйымдарының талаптарын орындамағаны үшiн;
2. Мектеп мүлкiн бүлдiргенi үшiн, талан-таражға түсiрсе,ұрласа;
3. Мектепте және мектептен тыс тәртiптi қатаң бұзғаны үшiн;
6.3.тармағында қарастырғандай ереженi бұзғаны үшiн оқушыны мұғалiмдер кеңесi шешiмi негiзiнде шыққан директор бұйрығымен, кәмелекте толмаған балалардың iсi бойынша аудан комиссиясының келiсiмiмен мектептен шығуы мүмкiн.
7.4.Оқушылыр мен тәрбиеленушілер өздерінің денсаулығын сақтауға, рухани және дене тәрбиесімен шұғылдануға міндетті.
7.5.Оқушы, тәрбиеленуші тәртібін бұзушылырға мектеп жарғысының ережесіне сәйкес іс-шаралар қолданылады.
7.6.Ата-аналар мен заңды тәрбиелеушілердің міндеттері:
- Балаларының денсаулығы, қауіпсіздік жағдайы өмірі мен оқуын, интелектуалды және дене тәрбиесінің жетілуі мен адамгершілік қарым қатынасы;
- 5-жасар балаларды мектепке дейінгі дайындықпен қамту жалпы білім беретін мектепті анықтауы
- Білім мекемлерімен қарым-қатынаста болуы;
- Балалрдың мектепке келуін қамтамасыздандыру.
-Мектеп қызметкерлерімен еңбеккерлерінің міндеттері мектеп ішілік тәртібі және қызметтік нұсқаулары осы жарғымен анықталады.
7.7. Ата-аналар мен оларды заңды түрде алмастырушылар құқылы:
7.7.1. балалардың жеке қабілеттері мен ерекшеліктерін ескере отырып білім беру мекемелерін таңдауға;
7.7.2. баланың заңды құқықтары мен қажеттіліктерін қорғауға;
7.7.3. осы жарғыда анықталған форма бойынша мектептің басқару ісіне қатысуға;
7.7.4. оқыту мен тәрбиелеу үрдісі барысында туындаған мәселелер бойынша психологиялық-педагогикалық кеңес алуға;
7.7.5. тиісті құжаттары толық болған жағдайда баланы үйде оқытуға;
7.8.Педагог еңбеккерлер, педагогикалық қызметтерді жүзеге асырушы Қазақстан Республикасы Үкіметі педагог еңбеккерлердің қызмет түрлерін атқарушы еңбеккерлерді анықтайды.
7.9. Коммуналдық мемлекет мекеме қызметкерлерiнiң мiндеттерi мен құқықтары нағыз Жарғымен, iшкi тәртiп ережелерiмен және лауазымдық нұсқаулармен анықталады.
7.10. Мұғалiмдiк қызметкерлер деп мұғалiмдiк қызметтi iске асыратын тұлғалар болып табылады. Мұғалiмдер қызметiнiң тiзбесiн және оларға тең тұлғаларды Қазақстан Республикасының Үкiметi анықтайды.
7.11.Мектептің педагог еңбеккерлерінің құқықтары.
-Кәсіби қызметіне жағдай жасау.
-Мемлекеттік жалпы білім стандартын сақтау жағдайын, педагогикалық еңбеккерлердің еркін таңдау және педагогикалық қызмет түрін ұйымдастыруы;
-Педагогикалық тәжірибеде қолданған әдістерді еркін қолдану;
-Мектептің басқару орнының жұмысына қатысу;
-Кәсіби деңгейін 5 жылда 1 рет ұйымдастыру орнының қолдауымен көтеру;
-Қызметінің көтерілуіне байланысты жедел аттестациядан өтіп, санатын көтеруі;
-Ақылы еңбек демалысы 56 күнтізбе күніне дейін жалғасады; Жекеше педагогикалық әрекеті;
-Өзінің кәсіби мамандығын қорғау және оған сай болуы; Директордың құзырымен Бұйрықтар мен арыздар;
-педагогикалық қызметінде қол жеткізген жетістіктеріне байланысты қаржылы және адам қасиетіне сәйкес марапаттау.
7.12. Мектептің педагог еңбеккерлерінің міндеттері:
- Жалпы білім беретін білім ұйымдарының Мемлекеттік білім стандартына сәкес оқушылармен, тәрбиеленушілер жалпы білім алады;
- Оқушылыр мен тәрбиеленушілердің шығармашылық қабілетін дамытуға жағдай жасау;
- Өзінің кәсіби деңгейін көтеру;
- Педагогикалық этикаларды сақтау;
- Оқушылар мен тәрбиеленушілердің жетістіктерін құрметтеу;
- Оқушылар мен тәрбиеленушілер арасында салауатты өмір салтын насихаттау.
7.13. Еңбеккерлердің еңбек қатынастары, еңбек келісім шарты мен заңдылықтарымен жүзеге асырылады.
7.14. Ұйымдастырушылардың анықтауымен, мектеп еңбеккерлеріне еңбек ақы төленеді.


8. КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ЕҢБЕК АҚЫСЫН ТӨЛЕУ ЖҮЙЕСІ ШТАТТАР
ЖИНАҚТАУ ТӘРТІБІ

8.1. Коммуналдық мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің еңбек ақысын төлеу жүйесі. КР заңдылығымен бекітілген тәртіппен анықталады. Бюджеттен алынған қаржымен қамтылатын коммуналдық мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің еңбек ақысын төлеу туралы қағида білім органдарынын орталық орындаушылар мен еңбек орталық органдары келісімен бекітіледі.
8.2. Коммуналдық мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің жалақысы мен лауазымдық жалақысы олардың біліктілігі, қызмет ету міндеттеріне сәйкес бекітілет.
8.3. Педагогикалык қызметкерлердің апталық нормалық оқу жүктемесі төмендегідей белгіленеді:
1. Бастауыш сатысы үшiн - 18 сағат
2. Негiзгi саты үшiн - 18 сағат.
8.4. Коммуналдық мемлекеттiк мекеме қызметкерлерiне ауылдық жердегi жұмысы үшiн, экологиялық апат аймағында тұрғаны үшiн, сынып жетекшiлiгi үшiн, дәптер тексергенi үшiн, жазбаша жұмыстарына, оқу кабинеттерiн меңгеруiне, пәндердi терең оқытқаны үшiн және басқа төлемдер Қазақстан Республикасының Үкiметi қарастырған тәртiпте ақы төленедi.
8.5. Қызметкерлердiң штат жиынтығының тәртiбi өкiлеттi органмен бекiтiлген құрылымға сәйкес жүзеге асырылады.
9.АҚЫЛЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУДІҢ ТӘРТІБІ
9.1. Коммуналды мемлекеттiк мекеме барлық мемлекеттiк стандартқа оқушылардың қосымша бiлiм қызметiн көрсетуге құқығы бар.
9.2. Бiлiмге ақылы көмек көрсету аудандық бiлiм бөлiмi мен облыстық бiлiм департаментiмен келiсiлген оқу жоспары (бағдарламасы)бойынша жузеге асырылады.
9.3. Оқушыларға ақылы бiлiм қызметi ата-аналардың немесе оларды ауыстырушы тұлғалар ынтасы бойынша коммуналдық мемлекеттiк мекеме мен ата-аналар арасындағы жасалған шарт негiзi бойынша.
9.4. Қосымша ақылы бiлiм қызметiнiң құны қосымша сабақ сағат санынан және мазмұнынан, оқушылардың саны мен бiлiктiлiгiнен, қызмет етушi қызметкерлерден, бiрыңғай тарифтiк жүйе бойынша еңбекақы төлеу жалақысы, оқу-әдiстемелiк оқулықтар мен жабдықтар тiзiмi, қажеттi шаруашылық шығындардан және т.б. есептелiнедi.
9.5. Ақылы қызметтi жүзеге асырудан түскен қаржылар коммуналдық мемлекеттiк мекеменiң «Ақылы қызметтен алынған қаражат» деген ағымдағы шотына түседi, мақсаттағы бағдарламаға жұмсалады, оларды бөлушi коммуналдық мемлекеттiк мекеменiң негiзi болып табылады (негiзі Қазақстан Республикасы әдiлет Министрлiгiнде 771, 27.05.1999 ж. мемлекеттiк тiркеуi, Қазақстан Республикасы қаржы Министрлiгiнiң 03.05.1999 ж., 177 бекiтiлген бұйрығы ақылы төлеудi жүзеге сырудан алынған қаржының есебi және пайдалану, iс-әрекеттiң тәртiбi туралы Ереже).
9.6. Ақылы қызметтi жүзеге асырудан түскен қаржының есеп және есептiлiгi Қазақстан Республикасының қаржы Министрлiгiнiң нормативтiк құжаттарына сәйкес жүзеге асырылады.

10. МЕКТЕП МҮЛКІ
10.1 Коммуналдық мемлекеттік мекемнің мүлікі өз балансымен ақшалай қаржыдан тұрады.
10.2. Коммуналдық мемлекеттік мекеменің мүлкі мыналардан құрылады.
Мүлік, басқарушыға меншікке беріледі.
-Мүлік, қызмет атқару барысында қолданылады (ақшалай қаржы қоса алынады);
-Қарастырылған мүлік актымен заңды түрде жүзеге асырылады.
10.3.Меншік иесі мемлекеттік ұйымдастырушының өткізген мүліктеріне бақылау жүргізеді.
Егер коммуналдық мемлекеттік мекемеге кәсіпкерлікпен шұғылдануға рұқсат етілсе, кәсіпкершіліктен алынған түсім өзі балансқа қолданылады.
10.4. Коммуналдық мемлекеттік мекеме өзінің міндеттеріне сәйкес ақшаға жауап береді.Ұйымдастырушы қаржы есебінің жетіспеушілігіне байланысты жауап береді.
10.5. Коммуналдық мемлекеттік мекеме бюджет ақшасын жергілікті қаржы орнынан тіркеуден өткізеді. Тіркеу жүргізу барысында жылдық сметаға сәйкес келуі қамтылады.
10.6. Коммуналдық мемлекеттік мекеме бюжет есебімен жылдық бөлінген қаржыдан 1 квартал уақыт аралығына дейін бюжет есебіне келісім жасайды.
10.7.Азаматтық құқық келісімі, келісімге отырған мектептің 1 жыл мерзіміне жасалады.
10.8.Тауарлар жұмыс (қызмет) коммуналдық мемлекеттік мекемеге бюжеттен бөлінген қаржы көлемінен артпауы керек. Есепсіз жұмсалған қаржыға мектеп директоры жауап береді.

11.БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ, ТӘРБИЕНУШІЛЕРДІҢ ДЕНСАУЛЫҒЫН САҚТАУ.

11.1.Білім беру ұйымдарында білім алушылардың, тәрбиеленушілердің науқастануын болдырмау, денсаулығын нығайту,тән саулығын жетілдіру, салауатты өмір салтына ынталандыру жөніндегі қажетті шаралардың орындалуы қамтамасыз етіледі.
11.2.Білім алушылардың, тәрбиеленушілердің оқу жүктемесі, сабақ режимі мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары, санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормалар, оқу жоспарлары мен денсаулық сақтау және білім беру органдарының ұсынымдары негізінде әзірленген білім беру ұйымдары бекітетін ережелермен айқындалады.
11.3.Денсаулық сақтау жүйесінің ұйымдары білім алушылардың, тәрбиеленушілердің денсаулық жағдайына үнемі бақылау жасауды, оларға медициналық қызмет көрсетуді жүзеге асырады. Білім беру ұйымдары медициналық пункттер үшін үй-жайлар ұсынады.
Білім алушылардың, тәрбиеленушілердің денсаулығын сақтауды қамтамасыз ету мақсатында білім беру ұйымдары білім алушыларға және тәрбиеленушілерге медициналық қызмет көрсетуді қамтамасыз ететін құрылымдық бөлімшелер құруға құқылы.
11.4.Мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беретін
ұйымдардың педагог қызметкерлері Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жыл сайын тегін медициналық тексеруден өтіп тұруға міндетті.
11.5.Білім беру ұйымдарындағы сабақ кестесінде білім алушылар мен тәрбиеленушілердің тамақтануы және белсенді тынығуы үшін ұзақтығы жеткілікті үзіліс жасалуы көзделуге тиіс.
Білім беру ұйымдарында білім алушылардың тамақтануын ұйымдастыру үшін жағдай жасалады. Тамақ сапасын бақылау денсаулық сақтау органдарына жүктеледі.
11.6. Білім беру ұйымдарында оқытудың, тәрбиелеудің, еңбек пен тынығудың салауатты және қауіпсіз жағдайларын жасау үшін жауапкершілік олардың басшыларына жүктеледі.

12.ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУДІ ТОҚТАТУ.

12.1.Мектепті жабу немесе қайта құру (біріктіру, бөлу, қайта құру) жүргізіледі;
а) жоғарғы мекеме орындарының шешімімен;
б) басқа негіздерге байланысты Заңдылықтармен қарстырылады.
12.2.Жоғарғы мекемелердің кез келген шешімімен, ұйымдастырушының құзырлы құжаттарына, сот шешіміне, заң орындарының қарастыруларымен мектеп жабылуы мүмкін.
12.3.Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қайта құру ісі жүргізіледі.
12.4. Мүлік, ұйымдастырушыға құжаттар талапқа сай болған жағдайда қайтарылады.
12.5.Мектеп атқаратын қызметін мемлекеттік тіркеуден заңды түрде жабылған кезінен тоқтатады.
12.6. Ұйымдастырушы мектеп жабылған кезде оқушыларды басқа білім мекемелеріне ата-аналарының келісімімен ауыстыру іс-шарларын заңды түрде жүргізуге жауапты.









 

Опрос

В чем, на Ваш взгляд, заключается готовность ребёнка к школе?

Голосовать

Статистика

  • За месяц46
  • За неделю16
  • Вчера5
  • Сегодня1
  • Онлайн:0

Полезные ссылки