Мектеп тарихы

Мектептің тарихы жайлы айтар болсақ. "Калинин" елді мекенінде 1936 жылы "Калинин" жеті жылдық мектебі болып құрылып, осы өңір маңындағы елді мекендерге теңдесі жоқ мектеп болыпты.
Алғашқы директоры болып Әлдібаев Мұқажан қызмет атқарған. Кейін директор болып істегендер: Нұрғали Бегжанов, Өлке Қанаев, Әбу Дүйсенов, Қабыш Тілеков, Оспан Жүсіпов, Смағұл Хасенов, Қажытай Қалиев, Зарлық Сердалин, Лекер Болатпаев.
Тың көтеру кезінде іргелі совхоздар құрылып, "Калинин" мектебі Өндіріс ауылына көшірілді. 1957 жылы осы ауылда қайтадан жаңа мектеп ғимараты тұрғызылып, "Калинин" сегіз жылдық мектебі құрылады.
Алғашқы директоры болып, Уәли Оразбаев, Қайыртай Молдахметов, Қабдырахман Атығаев қызмет істейді. Кейін осы мектепте бірнеше жыл ауылымыздың тумасы, "Білім беру ісінің үздігі" Дүйсенбаев Есләмбек Дүйсенбайұлы директор болып қызмет істеді.
1979-1984 жылдарда мектеп директоры болып Сарсенов Хамзе Әбелдинұлы қызмет атқарды. Ал 1984 жылдан 2010 жылға дейін мектепті Ғазизов Мәрден Қайроллаұлы басқарды. 
Мектеп 1985 жылы "Калинин" орта мектебі болып, жаңа екі қабатты ғимаратқа көшіріледі. 1991 жылы "Өндіріс" орта мектебі болып өзгертілді.
Бүгінгі күні мектебімізде 73 оқушы дәріс алуда. Оларға сапалы білім мен тәрбие беріп келе жатқан 24 ұстазымыз бар.
Алдағы уақытта да талай игі істердің куәсі болып, тәрбиелі білімді ұрпақ даярлай беретінімізге сеніміміз мол.

Опрос

В чем, на Ваш взгляд, заключается готовность ребёнка к школе?

Голосовать

Статистика

  • За месяц46
  • За неделю16
  • Вчера5
  • Сегодня1
  • Онлайн:0

Полезные ссылки