Мектеп  мұражайы 

Тарихтың мекені - мұражай
      Елбасымыз «патриотизм - кіндік қаның тамған жеріңе, өскен ауылыңа,  қалаң мен өңіріңе, яғни туған жеріңе деген сүйіспеншіліктен басталады. Туған жер әркімнің шыр етіп жерге түскен, бауырында еңбектеп, қаз басқан қасиетті мекені, талай жанның өмір бақи тұратын өлкесі... Әр бір өлкенің халқына суықта пана, ыстықта сая болған, есімдері ел есінде сақталған біртуар перзенттері де бар. Осының бәрін жас ұрпақ біліп өсуге тиіс» - деп шегелеп айтқан. Осы ұрандай етіп жазылған сөздерді негізге ала отырып, Өндіріс орта мектебінде кішкентай болса да, ішінен ауылдың тыныс тіршілігнен сыр шертетін өлкетану мұражайын салтанатты түрде аштық. Мұражайдың негізгі міндеті - болашақ ұрпағымызға патриоттық тәрбие беру, туған жерінің тарихын жеткізу, Отанына деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Мұражайға келген әр адамның жүрегінде «Мен - ұлылардың ұрпағымын» деген ой қалдыру. Осы ашып отырған мұражайдағы  ата-әкелеріміздің апа-әжелеріміздің еңбегін, терең білу және өзінен кейінгі ұрпаққа жеткізу. Мұражай үш бөлімнен тұрады. Бірінші бөлім Ұлы Отан соғысына қатысқан жерлестерімізге арналған. Ол жерде майдангер аталарымыздың естеліктері, соғысқа қатысқандығын растайтын құжаттары сақталған. Екінші бөлігі туып-өскен жеріміз ауылымызға арналған. Ауылдың географиясынан басталып, ауылды құруға қажымай еңбек еткен азаматтар мен азаматшаларымыз келешек ұрпаққа үлгі болар деген ниетпен жасалды. Үшінші бөлігі әрине, бәрінен бастау алған 80 жылдық тарихы бар үлкен киелі шаңырақ мектебімізге арналған. Мектептің тарихы, басшылары, ардагер ұстаздар, білікті мамандық иесі болған, қазіргі кезде жеріміздің түкпір-түкпірінде еңбек етіп жүрген түлектерімізге арналған. Сонымен қатар еліміздегі көздің қарашығындай сақталған, күміс әшекей бұйымдар, ысдыстар, көне ақшалар, піспе, астау, ең бастысы ауылымыздың іргесінен табылған мамонттың жілігі қойылды. 
Шағын болса да, іші тарихтан сыр шертетін мұражайды ашуға қол жеткізгенімізге шын жүректен қуаныштымыз. Мұражай ашылғаннан бері ауыл тұрғындары да, оқушылар да күнде келіп, қызықтап, мауқын басар емес. Мұражайды ашуға атсалысқан мектеп мұғалімдеріне, ауыл тұрғындарына алғысымыз шексіз. 
Бірлік болса, ала алмайтын шың, аса алмайтын белес болмайды.




музей

 Уб






мұражайдан естелік

Опрос

В чем, на Ваш взгляд, заключается готовность ребёнка к школе?

Голосовать

Статистика

  • За месяц46
  • За неделю16
  • Вчера5
  • Сегодня1
  • Онлайн:0

Полезные ссылки